Арыс қаласындағы орта мектептердің барлығында жаңа оқу жылына дейін күрделі жөндеу аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласындағы орта мектептердің барлығында жаңа оқу жылына дейін күрделі жөндеу аяқталады

07.08.2019

Жарылыстан зақым келген Арыс мектептерінде алғашқы қоңырау соғыла ма?  Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ал білім ошақтарындағы жөндеу жұмыстары қашан бітеді? Мектептердің материалдық-техникалық базасы кімнің есебінен түгелденеді?

Әбсаттар Жүніс басқаратын мектеп ұжымы уәдеге сеніп, құр отырған жоқ. Құрылысшыларға қолғабыс етіп жүр. Күрделі, қиын жұмыстың бір шетін ұстасып, жәрдемдесуде. Бұл білім ұясы әскери қалашықтың дәл түбінде. Сондықтан оқ пен оттан сау тамтығы қалмаған. Сырттағы алаңнан іштегі парта- тақталарға дейін жарамсыз күйге түскен еді. Көптің күшімен көп дүние қалпына келіп жатыр.

 

Әбсаттар Жүніс, И.Журба атындағы орта мектептің директоры:

Мына жердің бәрін көгалдандырады, жасанды болады әрине, оған қосымша анау артта баскетбол, болейбол алаңы салынып жатыр. Жалпы жеңіл атлетикаға қатыстының бәрі болады.

Ал осыдан жарты ғасыр бұрын салынған Қожанов мектебінің сүйегі мықты боп шықты. Терезелерінің шағылғаны болмаса, қабырғасына еш зақым келмеген.  «Сонда да бастан- аяқ жаңарып қалатын болдық»,- деп директоры мәз. 

 

Мейрамхан Назарұлы, С.Қожанов атындағы орта мектептің директоры:

Бірінші этажды жауып жатыр. Спортзалымыз «ковролан» төсеп, актовый залымыз да ерекше. Бұрын мұндай жөндеу болмаған. Құрылыс заттардың бәрі сапалы. Көріп отырмыз. Бірінші қыркүйекке дейін үлгересіздер ме?

Бірінші қыркүйекте алғашқы қоңырауымызды соғамыз деп отырмыз. 

 

Асхат Бердіханов Арыстың бар ауыртпалығын көтеріп жүргендей көрінеді. Себебі барлық әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге жауапты жан.  Атап айтсақ, 16 мектеп, 6 мемлекеттік, 30 жекеменшік балабақша, 1 колледж, 8 денсаулық сақтау мекемесі, 4 спорт кешені , бас-аяғы 62 нысанды жөндеу «Самұрық Қазына» компаниясына жүктелген.  «Санаулы күнде бәрін бітіреміз»,- дейді.

 

Асхат Бердіханов, «Samruk-kazyna construction» компаниясының басқарма басшысы:

Өзіміз ойлаймыз. Үлгереміз 20-сына дейін бүкіл құрылыс нысандарын тапсырамыз. - Қиындық туғызып жатқан қай объектілер? - Негізі бәрі бірдей...

Жөндеу жұмыстары бір бөлек, мектептің керек-жарағы, парта, тақтасы, құрал-жабдықтары қалай түгелденеді? Бұл сұрақтың жауабы алдағы аптада белгілі болады.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу