Полицейлер мен тергеушілердің жұмысына көңілі толмаған азаматтарға Ішкі істер министрінің өзіне шағымдануға мүмкіндік берілді
Полицейлер мен тергеушілердің жұмысына көңілі толмаған азаматтарға бүгін Ішкі істер министрінің өзіне шағымдануға мүмкіндік берілді. «Nur Otan» партиясының елордадағы қоғамдық қабылдау бөлімінде халықпен кездескен Ерлан Тұрғымбаев әр адамның сауалын тыңдап шықты. Ал бас қалаға келе алмаған азаматтар шағымдарын Ішкі істер министріне бейнебайланыс арқылы онлайн жеткізді. Осыдан бірнеше ай бұрын бас полицей қоғамдық қабылдау өткізіп, қырыққа жуық адамның арызын қарапты. Олардың сексен пайызы осы күнге дейін шешімін тапқан. Қазақстандықтар қылмыстық істерді заңсыз тоқтату, тәртіп сақшыларының өз лауазымдарын асыра пайдалану сынды мәселелер бойынша шағымданған. Арызданушылардың арасында сот, не прокуратураның құзіретіндегі мәселелер бойынша келетіндер де аз емес.
Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
Осы сәттерде біз ІІМ-не емес, сотқа немесе прокуратураға бағыттап жатырмыз. Кез келген қандай да бір сұрағы болса, ол тергеуге қатысты ма, болмаса криминалдық сала бойынша ма, болмаса қылмыстық атқару жүйесіне шағымы болса, өзі қудалауға ұшыраса, қызметкерлердің жұмысына көңілі толмаса Ішкі істер министрлігінің сайтында көрсетілген кесте бойынша қабылдауға жазылып, өз мәселелерін шеше алады.
Альбина ӘШІМ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
