Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

06.08.2019

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Үкімет басшысы Арысты қайта қалпына келтіру және Түркістандағы инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде баяндап берді. Бұдан бөлек, елімізге тартылған инвестициялар көрсеткіші, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты дамыту, келер жылы Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық туралы мәлімет берілді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу