Қарызы бар тұрғындар жылу жүйесінен ажыратылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарызы бар тұрғындар жылу жүйесінен ажыратылуда

06.08.2019

Cемейде берешегі бар нысандар жылу жүйесінен ажыратылап жатыр. Қазір қала халқының жылу үшін қарызы 251 миллион теңгеден асып тұр. Тұрғындардың арасында тіпті 2-3 жылдап қарызға батқандар бар. Сондықтан, «Жылукоммунэнерго» мекемесінің өкілдері ескертуге құлақ аспаған заңды және жеке тұлғаларға тиесілі нысандардың жылу құбырларын біртіндеп қиып тастады. Осындай қатаң шараларды қолданбаса арақаны кеңге салып жайбырақат жүретіндер көп-дейді мамандар. Қала бойынша басталған арнайы рейдттер кезінде 17 заңды тұлға мен жекеменшік сектордағы 12 үй жылу жүйесінен ажыратылған. Енді мамандар жақын арада көпқабатты тұрғын үйлердегі борышкерлердің пәтерлеріндегі құбырларды қиюға мәжбүр боламыз-деп отыр.

Николай Демин, «Жылукоммунэнерго» МКМ техникалық директоры:

Бүгін жылудан ажырату бойынша рейдке шықтық. Олардың техникалық келісім-шарттары жойылып, жылудан ажыратылатындықтары туралы ескертілген болатын. Енді қиылған құбырларды қайта қосу үшін, нысан иесі барлық берешекті өтеп, оған қоса 107 мың теңге төлеуі тиіс болады.

Хабарламаларға жазылу