Еліміздегі мекемелерде медиация кабинеті ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі мекемелерде медиация кабинеті ашылады

05.08.2019

Еліміздің түгел дерлік мекемелерінде қоғамдық медиатор кабинеттері ашылады. Олар кәсіби медиаторлар емес. Бірақ халық арасында беделі бар, танымал тұлғалардан жасақталады. Мысалы, дау көп туындайтын емдеу және білім беру ұйымдарында мәселені мәмілемен шешуге ықпал етулері тиіс. Бұл үшін арнайы оқыту курстары мен семинар-жаттығулар өткізіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясында осы тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Мақсат – азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлін көтеру. Өйткені медиация құқықтық әрі қоғамдық негіздегі институт ретінде белгілі. Сол үшін қоғамдық медиация ұғымын дамыту тұжырымдамасы ұсынылды.

Шерзод Пулатов, ҚХА төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор:

Қоғамдық медиатор - тренингтерден, курстардан өткен медиатор. Бірақ ол өзінің жұмысын қоғамдық негізінде, ақысыз негізінде көрсететін азамат.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу