Көпбалалы отбасылардың балаларына қосымша 5 мың грант бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы отбасылардың балаларына қосымша 5 мың грант бөлінді

02.08.2019

Республика бойынша жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінеді. Олар көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан түлектерге үлестірілмек. Үміткерлерге қойылатын тағы бір талап — ұлттық бірыңғай тестілеуден алған балы ең төменгі шектен жоғары болуы керек. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 165 грант 5 университетке бөлінген. Министрлік бөліп отырған грантпен оқуға түскендер ай сайынғы шәкіртақысын да алып тұрады.

 

 

Жазира Асанова, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының бөлім басшысы:

5-10 тамыз аралығында құжат қабылданады. 25 тамызда оның нәтижелері шығады. Оны, әрине біз әкімдіктің, білім басқармасының сайттарына жариялайтын боламыз. Содан соң грантқа түскен студент Білім басқармасымен келісім шартқа қол қояды. Ол келісім шарттың негізінде біз оларды кейін жұмысқа аламыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу