Браконьерлердің шабуылынан жарақат алған Самат Оспановқа Көкшетауда операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Браконьерлердің шабуылынан жарақат алған Самат Оспановқа Көкшетауда операция жасалды

24.07.2019

 Браконьерлердің шабуылынан жарақат алған инспектор Самат Оспановқа Көкшетауда операция жасалды. Ол кеше санитарлық авиациямен Жарқайың ауданынан облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлердің мәліметінше, 40 минутқа созылған операция сәтті өткен. Науқастың сол иығына тиген оқтың бөлігі алынды. Қазір науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті науқасты республикалық деңгейдегі орталыққа жеткізудің қажеті жоқ деген шешім қабылданған. Ауруханада арнайы күзет қызметкерлері қойылған. Жақындары да қасында. Самат Оспановтың жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі де  назарда ұстап отыр. 

 

 Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы:   

«Кеуде қуысының жарақаты» және «сол иығының жарақаты» деген диагноз қойылған. Науқас қазір травмотология бөлімшесінде палатада. Жоспарлы ем қабылдап, қажетті ем-шараның бәрі жүргізілуде.

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу