Алматы облысында мәселесі қордаланған елді мекендер аз емес. Солардың бірі Панфилов ауданына қарасты Садыр ауылы сапалы ауыз суға зәру. Мәдениет үйінен мән кеткен. Электр жарығы жиі өшіп қалады. Тұрғындардың жергілікті билікке деген ашуы қара қазандай.
Садыр ауылының ауыз суын өз мойнына алған мына Садыр есімді азамат. Қысы- жазы электрсорғыш қосып, мына ыдысты суға толтырады. Ауылға су жібергенде 60 тонналық бөшке санаулы минуттарда босап шыға келеді. Осылай 365 күн. Ең қызығы Садыр осы жұмысы үшін ешқандай еңбекақы алмайды.
Садыр Мәліков, ауыл тұрғыны:
Жалақы алмаймын. Халықтан светтің ақшасын жинаймын. 40-50 мың болады. Оны өткізіп тастаймын. Менің де бала-шағам бар. Осыны шешіп берсеңіздер.
Стратегиялық нысан не күзетілмейді. Не талапқа сай қоршалмаған. Бөшкенің қақпағында құлып та жоқ.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Қазір сағат түскі екі жарым. Ауылда су жоқ. Су сағат 8:00 ден 1-1,5 сағатқа қана беріледі. Алып үлгерген халық үлгерді. Үлгермеген халық мына арықтың алуға мәжбүр.
Аудандық әкімдікте қысқа ғана қайырды. Жобалық құжаттар енді ғана жасалады. Оған қаржы бөлу-бөлмеуі тағы белгісіз.
Арман Тазабеков, Панфилов аудандық тұрғын үй-коммундалық шаруашылық бөлімінің басшысы:
Бірінші жобалау-сметалық құжаттамасын дайындауымыз керек. Оған енді шілде айында болатын мәслихатқа бюджеттік өтінім дайындап жатырмыз. Жобалау сметалық құжаттарға қаржы бөлінген жағдайда оны жасап, экспертизадан өткізіп, келесі жылы құрылсқа енгізетін шығармыз.
Ауылдағы ағайын рухани да құлазып отыр. Мәдениет үйінің қалқиған қабырғасы малға ғана көлеңке. Жан азығынан жұтаған ауыл халқы жарыққа да жарымай отыр.
Тұрсынай Махпирова, ауыл тұрғыны:
Свет те әрқашан жаңбыр, жел соқса өшіп қалады. Себебі құрылғылардың бәрі ескіріп кеткен. Оны ауыстыру керек.
Алатаудың етегіндегі алақандай ауылдың шешілмей жатқан мәселесі жетерлік. «Ауыл жастарының қалаға ағылатыны сондықтан дейді» ,- тұрғындар.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ