Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халықтың сөзін сөлейтін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халықтың сөзін сөлейтін болады

22.07.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жоғары билікке жалтақтамай жұмыс істейді және тек халықтың сөзін сөйлеуі керек. Бүгін алғашқы мәжілістерін өткізген кеңес мүшелері әңгіменің әлқиссасын осылай бастады. Белсенді топ бірінші кезекте қоғамдық-саяси саладағы заңдарды өзгертуге ниеттеніп отыр. Атап айтқанда, митингтер туралы, саяси партиялар туралы және сайлау туралы заңдарға ұсыныс енгізбекші. Кеңес мүшесі Ерлан Сайыровтың айтуынша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси саланы либералдандыруға күш салады. Яғни «Ашықтық, жариялылық қағидаттарын түгел қамтитын, қоғамды еркіндіктің биік шыңдарына жетелейтін заңдардың үстем болуына үлес қосамыз»,- деді кеңес мүшелері.

 

Ерлан Саиыров, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

Дүниежүзінде өзін-өзі басқару тетігі әлемде бар практика. Ал біздің Қазақстанда жоқ. Мемлекет халыққа өзін-өзі басқаруға пәрмен береді. Сондықтан бізде өзін-өзі басқару туралы механизмді бастауымыз керек. Тағы бір мәселе, саясатты диферсикациялау аймақтарды, облыстық аудандық мәслихаттардың статусын көтеріп, сол жердегі депутаттардың кәсіби түрде жұмыс жасауына жағдай жасау керек.

 

Ербол МӘНДІБЕК

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу