Өскеменде жаңа спорттық-экологиялық саябақ салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жаңа спорттық-экологиялық саябақ салынып жатыр

18.07.2019

Ертіс өзенінің жағасында бой көтерген «Самал» саябағының құрылысы былтыр басталған. Қазіргі таңда бұл жерде заманауи спорттық нысандар, жүгіру жолақтары, велосипед жолы, балалардың алаңқайы мен 2 жағажай бар.

Саябақтың сыртына үлкен автотұрақ салынған. Жалпы, бұл аумақ көп жылдар бойы қараусыз жатқан. Атқарушы билік өкілдері енді осы жер қала тұрғандарының ең сүйікті демалыс орнына айналады деген сенімде. Саябақтың аумағына итпен кірушілерге де талап қатты болмақ.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

Қаланың ортылығында демалатын тамаша орын болады. Тек қана демалуға емес, спортпен шұғылдануға да жағдай бар. Жүгіруге, велосипедпен жүруге, суда жүзуге болады. 15 тамызда барлық жұмыстарды бітіреміз.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу