Полицейлер қылмыскерлерге қарсы жұмысты күшейтті

16.07.2019

Алматы полицейлері заң бұзушылар мен қылмыскерлерге қарсы күресті күшейтті. Соның бірі есірткі саудасымен айналысатын жүзден астам сайтты бұғаттады. Сонымен қатар  автобус жолағымен жүрген 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды. Заң бұзушылықтармен күреске қоғамды жұмылдыру мақсатында бірнеше мобильді қосымша іске қосылады.

 

Мамандар интернетте мониторинг жүргізу арқылы есірткі сататын сайттарды анықтаған. Биыл 138 сайт ашылса, қазір солардың 128-і бұғатталды.

 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

 

Жылдың басынан бері Алматы қаласының полицейлері 60 келіден аса есірткі заттарын тәркілеген болатын. Бірақ айта кететініміз, бұл есірткі заттар героин, марихуана, гашиш есірткі заттарын айтып отырмыз. Қазіргі таңда олардың орнына белең алып отырған есірткі түрлері синтетикалық.

Олар интернет желісі арқылы ғана саудаланады.

 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары автобусқа арналған жолаққа шығып, ойқастап жүретін көлік жүргізушілерін жүгендеуге кірісті. 500-ге жуық автокөлік иесіне 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

 

Нұрхан Нұрланұлы, тілші:

 

Қазір біз қаладағы орталық көшелердің бірінде тұрмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, жүргізушілер көліктерін арнайы жолаққа қойып кеткен. Ал қоғамдық көлік жүргізушілері бұл олардың жүруіне, бұрылуына үлкен кедергі екендігін айтады. Себебі автобус, троллейбустардың салмағы өте ауыр, кейбірінің салмағы тіпті, 25 тоннаға дейін барады екен.

 

Жәнібек Ахметов 12 жылдан бері троллейбус жүргізіп келеді. Кейінгі екі жылда бірнеше рет осындай жағдайға тап болған.

 

Жәнібек Ахметов, автобус жүргізушісі:

 

Асығып кетесің, мысалы, 40-50-мен жүрген кезде таксистер келеді де, тоқтай салады. Ағалар, кішкене шеттеу тоқтаңыздаршы. Өздеріңіз де көлік жүргізесіздер ғой, кішкене түсініңіздерші, бізді. Автобус жолағына кірмеңіздерші, амал барынша.

 

Алматыда қоғамдық көліктерге арналған «Жолақ» жүйесі енгізілген. 50 автобус жаңа технологиялармен жабдықталған. Сондықтан «Жол ережесін бұзып, бейнебақылау камераларына түскен жүргізушілер жазасыз қалмайды», - дейді полицейлер.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу