Маңғыстауда шөл далада адасқан аққулар табылды
Маңғыстаудың шөл даласынан бір топ аққу табылды. Ен далада шөлден әлсіреген құстарды Боранқұл ауылының тұрғыны байқаған.
Ол аққуларды үйіне әкеліп, суармақ болғанымен, олар адам қолынан су ішпепті. Құстарға маманның көмегі керегін түсінген тұрғын дереу құзырлы органдарға хабар берді. 10 аққудың 4-еуі өз бетінше ұшып кеткен. Тағы 3-еуі шөлге шыдамапты. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары қалған 3 аққуды Ақтау қаласына әкеліп, Қаракөл көліне жіберді.
Ізжан Қалқанов, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі «Көлеңкелі» қаумалының басшысы:
Жол бойы аққулардың жағдайын қарап отырдық, су шашып, тамақтандырып. Келген аққулардың денсаулығы жақсы.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06