Петропавлда Ноғайбай Батырбекұлының 185 жылдығына арналған тарихи драма сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Ноғайбай Батырбекұлының 185 жылдығына арналған тарихи драма сахналанды

10.07.2019

Ноғайбай Батырбекұлы - 1834-1917 жылдары өмір сүрген тарихи тұлға. Далалық сот ісін жүргізіп, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа біліп, ата-бабадан қалған дара жолмен кез келген мәселенің әділ шешімін тауып, ел есінде қалған.

Ноғайбай би туралы оның өмірі мен қызметі жөніндегі құнды құжаттар Санк-Петербург, Омбы қалаларында, сонымен қатар Алматы қаласындағы республикалық архивтерде сақталған екен. Қойылымда бидің әділ шешіміне тек қазақ елі ғана емес, орыс халқының да жүгінгені, патша үкіметінің онымен санасқанын көруге болады.

Елді, жерді, атажұртты жат колға бермей, еш соғыссыз-ақ, достық қарым-қатынаспен кең байтақ даланы ұлы империядан құтқарып қалған абыздардың бірі осы Ноғайбай болатын. Спектакльде басты рөлді театрдың директоры Біржан Жалғасбай сомдап шықты.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


 

 

Хабарламаларға жазылу