«ҚазАвтоЖол» директорына 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАвтоЖол» директорына 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

04.07.2019

Жыл сайын мемлекеттік және жергілікті бюджеттен жол құрылысы саласына 700 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Бұл өз кезегінде сала төңірегінде әртүрлі жемқорлық фактілердің тіркелуіне себеп болуда. Құрылысқа бөлінген қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен фактілер де жоқ емес. Соның салдарынан, жол сапасы да сын көтермей жатады. Дүниежілік банк деректеріне сүйенсек, сапасыз салынған құрылыс жолдың жарамдылығын 40 пайыз төмендетіп отыр. Осы сияқты жағдайлар ескеріле келе, бүгін Елордада «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік  кәсіпорнының тұсауы кесілді. Бұл мекеме арнайы жол картасын жасақтап, саладағы жемқорлық фактілерін азайту бағытында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігімен бірлесе жұмыс істейді.

Замир Сағынов, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы:

Қазір бізде барлық жолды тексеруге құқығымыз бар. Оған дейін құқық болған жоқ. 2018 жылы екі мыңнан астам тексеріс жүргіздік республикалық маңызы бар жолдарда. 11 миллионның үстінде қайтадан жолдар жөндеуге өткізілді. Биылдың өзінде 9 миллионға кейбір жаңа жол қабаттары сапасына сай болмағаны үшін қайта жөнделді. Тоқсанда бір есеп беріп отырамыз.  

Альбина ӘШІМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу