Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында музей ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында музей ашылды

02.07.2019

Тарихи-өлкетану мұржайында 3000 нан астам жәдігер қойылған. Еліміз бен Үржар өңірінің бай тарихынан сыр шертетін мәдени ошақ негізінен шипалы көл жағалауына келіп демалатын туристер үшін қызмет жасамақ. Экспозициялық бөлімдерде Алтын адам мен Үржар ханшайымының көшірмелері қойылған. Қалған құнды заттардың түгелі дерлік түпнұсқа-дейді мамандар. Биыл Алакөлге демалуға 1 миллионна астам турист келеді деп күтілуде. Бір ай бұрын жұмысын бастап, енді ғана ресми түрде ашылған музейді қазірдің өзінде мыңдаған адам тамашалап үлгерген.

Серікбек Туғанов, Үржар аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі:

Отандастарымыз өзіміздің, туристердің барлығы осы музейге келіп біздің бабаларымыздың өмірімен, біздің тарихымызбен, шежіре, өнер, мәдениетімізбен таныса алатындығы шындық. Осы күннің өзінде 3000 ға жуық адам келді. Оның ішінде туристеріміз де келіп жатыр. Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу