Өскеменде Сәтпаев даңғылының кейбір учаскесінде асфальт қайдатан төселуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Сәтпаев даңғылының кейбір учаскесінде асфальт қайдатан төселуде

02.07.2019

Мердігер компания жұмыста сапасыз жүргізген. Жолдағы жаңа асфальттың қалыңдығы бірнеше жерде тым жұқа екенін ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары анықтаған болатын. Бұдан кейін мердігер компанияға осы кемшіліктерді жою қажеттігі жөнінде хат жолданды. Ескертуді елемеген кәсіпорындар заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Жалпы, биыл Шығыс Қазақстандағы бас шаһарда жолдарды кеңейту, асфальтын жаңалау бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайлы сәтін пайдалынып, аз уақытта көп шаруа тындыруға тырысқан мердігер компаниялардың жұмыс сапасын жол зертханасының мамандары қатаң тексеруде.

Александр Игнатов, Мердігер компания директорының орынбасары:

Анықталған кемшілікті тез арада жоюға тырысып жатырмыз. Бұл үшін арнайы қондырғының көмегімен асфальттың жоғарғы бетін қырып тастап, ол жерге жаңа қабат төселеді. Одан кейін тапсырыс беруші мен ұлттық жол активтері сапасы орталығына хат жіберуіміз керек.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу