Астанада 6 мамырдан бастап Абай және Манас көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 6 мамырдан бастап Абай және Манас көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

06.05.2016
Астанада 6 мамырдан бастап Абай және Манас көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

6 мамырда Абай даңғылының Бейбітшілік көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігінде ой-шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

Сонымен қатар, Манас көшесінде Абылай хан даңғылынан Қобыланды көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жол учаскесінде 6-21 мамыр аралығында көлік қозғалысы шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Хабарламаларға жазылу