Алматыда «Көшбасшылық» атты жаңа кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Көшбасшылық» атты жаңа кітап жарық көрді

01.07.2019

Кітаптың таныстырылымына елге танымал зиялы қауым өкілдері қатысты. Жоба авторы Шыңғыс Мұқанның айтуынша, құрастырушылар көшбасшылық туралы он жинақты ықшамдап бір елеулі еңбек етіп шығарған. Оған қоса, оның "Лидерство" атты орыс тіліндегі нұсқасы да бар. Ал, 3 мың данамен таралған тағылымды туындылар оқырмандар үшін көптеген сұрақтың жауабын табуға септігін тигізеді. Мәселен, саясат, экономика, менеджмент, маркетинг және өзге де салалар бойынша тың дүниелер бар.

Шыңғыс Мұқан, «Мазмұндама» қоғамдық қорының жетекшісі:

Ең басты идея бұл жерде, лидер - жалғыз адам емес, лидер - әркім. Сонда ғана кез келген қоғам тәуменді ұрпақ емес, тәуелсіз, өзіне сенімі мол, елден алам деп емес, елге берем деп тұрған азаматтарды тәрбиелеп шығады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу