Алматыда «Мәңгілік елім менің» атты жаңа кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мәңгілік елім менің» атты жаңа кітап жарық көрді

18.01.2017
Поэзия антологиясының таныстырылымына зиялы қауым өкілдері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты. Олар Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» идеясының жасампаздығын әдеби еңбектер арқылы қоғамға терең түсіндірудің жолдарын талқылады. Соның бір көрінісі ретінде жаңа шыққан жинақтағы өрелі өлеңдерді атауға болады. Оған Қазақ елінде өсіп-өніп, өркен жайған түрлі этнос ақындарының тамаша туындылары топтастырылған.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу