Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 18-сессиясы өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 18-сессиясы өтті. Шараға ассамблея төрағасының орынбасары, этномәдени бірлестік өкілдері, аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Сессия барысында Ассамблея қызметі бірінші жартыжылдығының қорытынды нәтижелері жарияланды. Президенттің «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасына арналған жоспарды іске асыру мәселесі қарастырылды.
Келер жылы ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толады. Осыған байланысты атқарылатын шаралар талқыланып, елде тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағын нығайту сөз болды. Айта кетейік, Қазақстанда ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алу үшін 15 қоғамдық, 3 кәсіби медиатор жұмыс істейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05