Шығыс Қазақстан облысы Арыстың 100 тұрғынын қабылдауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысы Арыстың 100 тұрғынын қабылдауға дайын

25.06.2019

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы бойынша Арыс қаласынан 1 мың адамды қабылдауға дайын. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының мамандары, білім және медицина қызметкерлері, көлік жүргізушілері аса қажет.

 

Берік Көшербай, тілші:

 

Адам саны көп,  әрі тығыз қоныстынған оңтүстік аймақ тұрғындарын   жұмыс күші мен маман тапшылығы бар облысқа көшіру бағдарламасы елімізде 2017 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы уақыттан бері Шығыс Қазақстанға жүздеген отбасы қоныс аударды. Оларды баспана және жұмыспен қамтуға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен субсидиялық төлемдер де қарастырылған.

 

Ерболат Ошақбаев, Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

 

Көшуге материалдық көмек алады. Екіншіден, бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғыз басты адамдарға 12 ай бойы тұрғын үйді жалдауға, коммуналдық қызметтерін төлеуге, сол шығындарды өтеуге қазіргі кезде материалдық көмектер беріледі.

 

Берік Көшербай, тілші:

 

Арыстағы ел-жұртқа Шығыстың бүкіл халқы көмектесуге ниетті. Алғашқы болып облыстағы барлық  мешіттер  қол созды. Алыс аудан мен ауыл тұрғындары  жинаған көмектерін жергілікті мешіттер арқылы жіберіп жатыр.   Өңірдегі  мешіт қызметкерлері және ардагерлер кеңесі  қайырмдылық шарасын өткізуге  бастан-аяқ ұйтқы болмақ.

 

Бақдәулет Мүрсәлім, зейнеткер:

 

Бұл болған бір уақытша қиыншылық, бәрі орнына келеді. Өйткені, қазақ халқы өте бауырмал, берекелі, бірлікте өмір сүретін халықпыз. Бізді одан ешкім айыра алмайды. Ата-бабамыз үйретіп кеткен бағытымыз. Ел болып күрессек, жүк жеңіл болады.

 

Шығыстан алғашқы гуманитарлық көмек Арысқа 1-2 күнде жеткізіледі. Түркістан облысына жақын арада арнайы жұмыс тобы барып, халыққа қоныс аудару бағдарламасын  түсіндіріп, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізбек.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу