Ынтымақтастық кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ынтымақтастық кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде

14.07.2014
Ынтымақтастық кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуде

Кедендік одақтың шапағатын көрген күнгейдегі өндіріс орындары да енді Еуразиялық экономикалық одақ аясында кәсіпкерлікті нығайтамыз, деген сенімде. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы сүт шығаратын зауыт қазір Шым шаһарды сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Өткен жылы бұл цехқа көршілес Ресейден арнайы қондырғылар алынған. Соның арқасында зауыттың дайын өнім көлемі артты. Бұған дейін  күніне 8 тонна сүт өнімдерін шығарса, қазір оның көлемі 30-40 тоннаға жеткен.

Мұнда сүт өнімдерінің 28 түрі өндіріледі. Негізінен сүт, айран, қаймақ сияқты тұрақты сұранысқа ие тауарлар арнайы қораптарға құйылып, сатылымға шығарылады.

Енді ресейлік әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеп жатқан серіктестік басшылары балмұздақ өндіруді қолға алмақ.

Уәлихан Жамалбек, «Сайрам сүт» ЖШС директоры:

Еуразиялық экономикалық одақ  бізге үлкен нарыққа жол ашып отыр. Болашақта өнімдерімізді осы одақ елдері аясына шығаруды жоспарлап отырмыз. Жуық арада ескі цехтың орнына балмұздақ цехын ашу жоспарда бар.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу