Заңсыз митингілер кезінде 300-ден астам тәртіп сақшысы жараланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз митингілер кезінде 300-ден астам тәртіп сақшысы жараланған

18.06.2019

Өткен аптада еліміздің бірқатар ірі қалаларында өткен заңсыз митингілер кезінде 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Олардың алтауы қазір госпитальде емделіп жатыр. Жекелеген адамдар заңға бағынбай, өзге азаматтардың тыныштығы мен өміріне қауіп төндірді. Амал жоқ, шиеленісті реттеу мақсатында полиция күштері, артынша ұлттық гвардия жұмылдырылды. Алайда, арандатуға ерген шерушілер құқық қорғау органдарына тап бергені фото мен видеода айқын көрінеді,-деді министр. 

 

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

Құқық бұзушылардың жолын кесу кезінде арнайы құралдар қолданылмағанын атап өту керек. Барлық іс-шаралар заңға сәйкес жүргізілді. Тәртіп сақшылары азаматтармен ара-қатынаста барынша әдепті ұстады.  

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу