Қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғалары Түркістанда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғалары Түркістанда бас қосты

14.06.2019

Ұлттық интеллектуалды проза жанрының негізін қалаған, классик жазушы Төлен Әбдік, танымал қаламгер, драматург, киносценарист Смағұл Елубай және ақын Нұрлан Оразалин Тұран жұртымен жүздесіп, салиқалы сұқбат құрды.

Әдебиет, мәдениет, руханият мәселесі сөз болатын «Түркістан төріндегі сырласу кештері» енді ай сайын өтіп тұрады. Себебі, құрылысы жанданып, қайта түлеп жатқан өңірдің рухани- мәдени ахуалын да бірге көтеру өте маңызды,- деді облыс әкімі.

Алдағы уақытта да, елге айтары бар, аузы дуалы ақын-жазушыларды, сондай-ақ, сөз өнерінің ғана емес, басқа да сала саңлақтарын «Түркістан төріне» сыр-сұқбатқа шақыру жоспарда.

Мархаббат Байғұт, халықаралық Алаш сыйлығының иегері:

Өзіміздің ғана емес, түркі дүниесінің қаламгерлері, қайраткерлері, кәсіпкерлері, ғарышкерлері, спортшылары, ғұлама ғалымдары, жас дарындары қатысып тұрады. Жүйелі түрде өтіп тұратын болады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу