Қызылордадағы Әлназаровтар әулетінің денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі – 180 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы Әлназаровтар әулетінің денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі – 180 жыл

12.06.2019

Денсаулық сақтау саласында 180 жыл еңбек өтілі бар әулет. Қызылордада Әлназаровтар отбасы ұрпақтар сабақтастығын үзбей келеді. Бұл әулеттен шыққан білікті дәрігер көп. Өз ісінің білгірі әрі жауапкершілігі мол мамандықтың нағыз майталманы ретінде олар сан мыңдаған адамның өміріне араша болып, жұрттың алғысын алып келеді.


Ақтоты Шәріпбайқызының күнделікті жұмысы осылай басталады. Ол -облыстық жүйке аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары. Еңбек жолын реаниматолог-анестезиолог болып бастағанымен осы уақытқа дейін медицина саласының бірнеше бағытын меңгерді. Өзінің жауапкершілігі мен ізденімпаздығының арқасында биік белестерді бағындырды. Бірақ, асып-тасыған жоқ, басшымын деп көкірек кермей, әр науқасты және оның әрқайсысының ауру тарихын жатқа біледі.

 

Ақтоты Әлназарова, облыстық Жүйке аурулары ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Басқа салаға қарағанда наркология мен психикалық ауруханада жұмыс істеу қиындау. Әр науқаспен психологтар, психиатрлар жұмыс істейді. Туыстарымен жұмыс істейміз.

 

Ал, Шолпан балалар ауруханасында диагнотикалық зертхананың меңгерушісі. Бұл жерде 18 түрлі гемотологиялық, 75 түрлі биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Зертхана жұмысы ыждаһаттылық пен мұқияттылықты талап етеді.

 

Шолпан Сатыбалдиева, зертхана меңгерушісі:

Қазір аурудың түрі көп. Көп болған соң біз де жақсы зерттеулер жасауға тырысамыз. Мен осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Жұмысыма күн сайын қуана келемін.

 

Шолпан, Ақтоты және медицина ғылымдарының докторы Ақмарал бар. Отбасындағы бес баланың үшеуі ата-ананың жолын қуды. Әкелері Шәріпбай 45 жылын ең ізгі мамандыққа арнаған, ал аналары 30 жыл медицина саласының қызметкері болды.

 

Шолпан Әлназарова, зейнеткер:

Ең бірінші адамға жанашырлық керек. Академик, доктор болсын, ауруды ауырған адамнан артық білмейді. Сондықтан, адамның жаны қиналғанда жанынан табылып, қолыңнан келгенше көмегіңді беріп, жылы қабақ көрсету қажет.

 

та жолын немерелер де жалғастырып жатыр. Отбасындағы тәрбие - олардың да халықтың сенімі мен алғысына ие маман болатынының кепілі.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу