Ақмола облысында бір аптаның ішінде 3 бала суға батып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бір аптаның ішінде 3 бала суға батып кеткен

07.06.2019

Ал жыл басынан бері 6 адам ажал құшқан. Ішімдік ішіп, суға түсуге бейімделмеген орындарда шомылып, сондай-ақ, балаларын қараусыз қалдырған жәйттер көп.

Облыста үлкенді-кішілі 754 көл бар. Ал құтқару бекеттері тек Қопа, Зерен, Шортан және Бурабай көлдерінде ғана ашылған. Жеке құрамда — 61 адам. Құтқарушылар жетіспейді. Бүгінде мәселені шешу үшін демалыс орындарының жанынан қоғамдық құтқару орындары ашылуда. Олар да қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қолғабыс ептек.

Марат Бөрібаев, жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:

Біздің құтқарушылар бүкіл облыс бойынша көлдердің барлығын жаба алмайды. Сондықтан ІІМ бұйрығы бойынша, осы қоғамдық бекеттерді ашып отырмыз. Олардың бізге тигізер пайдасы өте көп. Өйткені әрбір ауданда біз осындай бекеттерді ашып отырмыз. Бүгінгі таңда олардың саны — 53 бекет.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу