Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық орталық ашылды

26.01.2015
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық орталық ашылды

Жаңа орталықта логопед, дефектолог, психолог, сурдопедагог пен емдік массаж жасайтын медбике жұмыс істейді. Мамандардың барлығы кәсіби дайындықтан өткен.

Олар жылына сал ауруына шалдыққан, өзге де даму мүмкіндігі шектелген 100 балаға тегін көмек көрсетеді.

Кабинет заманауи оңалту құралдарымен, Монтессори материалдарымен жабдықталған. Ата-аналар үшін психологиялық қолдау клубы да жұмыс істейді.

Мұндай кабинет облыс орталығында алғаш рет ашылып отыр.  Нысанның құрылысы мен жабдықтарын алуға облыс әкімдігі мен «Дара» қоры қолдау көрсетті. Ал, демеушілер сыйға инвокөлік тарту еткен.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу