Бітімгер сарбаздардың қауіпсіздігі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бітімгер сарбаздардың қауіпсіздігі талқыланды

30.05.2019

Жаңа технологиялардың көмегімен бітімгер сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елордада ғалымдар мен әскерилер осы тақырыпты қозғап, үздік тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстан үшін бұл маңызды мәселе. Соңғы жылдары отандық әскерилер бірнеше бітімгершілік операцияларына қатысты. Ғалымдардың сөзінше, сарбаздардың дін-амандығына жаңа технологиялардың көмегі зор. Мәселен, жоғары деңгейдегі байланыс құралдары, жарылғыш заттарға қарсы жабдықтар, спутниктік байланыстың пайдасы көп.

Сондай-ақ, медицина саласындағы үздік тәжірибелерді пайдалану да аса қажет. Қазіргі таңда еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары инновациялық жабдықтарды дайындауда жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Жиын барысында отандық және шетелдік жаңашылдықтар таныстырылды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу