ОҚО: Арыс қаласында сүт өңдейтін цех ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО: Арыс қаласында сүт өңдейтін цех ашылды

02.07.2014
ОҚО: Арыс қаласында сүт өңдейтін цех ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында  сүт өнімдерінің тапшылығы таяу жылдарда  түбегейлі шешілетін болады.

 Арыс қаласында тауарлы сүт фермасының жанынан сүт өңдейтін цех ашылды. Әрі осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан жобаның бірінші кезеңі іске қосылды.

Мұнда  әр сиыр күніне 20 литр сүт береді.  Жобаның жалпы құны  - 1 миллиард  600 миллион теңге. Асылтұқымды ірі қаралар  Канададан арнайы әкелінген.

800 бас  ірі қараға жоспарланған фермада қазір  400 бас сүтті сиыр бар. Салқын жерге үйренген  аша тұяқтылар оңтүстіктің аптап ыстығына бейімделіп қалыпты.

Бір айта кетерлігі, жайылымға шықпайтын бұл сиырлардың тұрағы мен қорек мәзіріне дейін ерекше.

 Ақпанның  соңында елге жеткізілген сүтті  сиырлардың 147-і -қазір бұзаулап үлгеріпті. Зеңгі баба төлдері жергілікті жерде асылтұқымдылардың санын артыруға сеп болған. 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу