Ақтауда есірткі сатқан топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда есірткі сатқан топ құрықталды

27.05.2019

Ақтауда ұзақ уақыттан бері есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Полицейлер олардың пәтерін тінту барысында 100 келі  марихуана тәркіледі.

Күдіктілер есірткіні бөліп, целлофанға орап қойған. Қолға түскен 3 азамат – Маңғыстау облысының тұрғындары. Олар есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен тасмаладаған.  Аталған дерек бойынша, Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Әйгерім Ибатуллаева,  Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Қазіргі уақытта ұсталғандар Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мойындау жауабы алынды. Айғақты заттар тәркіленді. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау бойынша, қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу