Биыл 19 млн гектар аумаққа егін егіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 19 млн гектар аумаққа егін егіледі

24.05.2019

Көктемгі егіс егу науқанының жайы бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиында сөз болды. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, елімізде 19 млн гектар аумаққа егін себілмек.

Аталған аумаққа 2,5 млн тонна тұқым құйылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Өнімнің сапасын жақсарту мақсатында құйылатын тыңайтқыш мөлшері де артқан. Егіс науқанына 147 мың трактор жұмылдырылды. Ал, оған қажетті дизель отынының тапшылығы жоқ.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу