Атырауда студенттер оқу орнында уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда студенттер оқу орнында уланды

23.05.2019

Атырауда кәсіптік бағытта білім беретін колледждің 20 студенті сабақ уақытында бұрышты газдан уланып, ауруханаға түсті. Оның жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға бүгін түсте, бесінші сабақтан кейінгі үзілісте болған.

Оқу ғимаратының бірінші қабатында тараған қышқыл газдың әсерінен балалардың тынысы тарылып, тұншығып өздерін жайсыз сезіне бастапты. Сол сәтте іштегі барлық адам дереу сыртқа шығарылған.

Газ баллонды қолданған колледждің 17 жастағы студенті екені анықталды. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Атырау Сервис колледжінің студенті:

Иіс бірінші  төменнен басталды. Сосын кабинетке келді. Жоғарыға дейін көтерілді. Баспалдақ  бойымен жүре алмай қалдық. Сосын, ауа жетпей талып қалдық.

Аманжол Сағынғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Оқиға орнында 12 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Нәтижесінде, барлық науқастарға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Қазір балалардың жағдайы – бірқалыпты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар дәрігерлдердің бақылауында болады.

Хабарламаларға жазылу