Мәжіліс депутаттары «Ядролық қаруға тыйым салу шартын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары «Ядролық қаруға тыйым салу шартын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады

15.05.2019

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Ядролық қаруға тыйым салу шартын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Шарт - ядролық қаруға заңдық тұрғыдан тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат. Ол ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажетті алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр.

Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады. Сонымен қатар, ережелерге сәйкес ядролық қаруды пайдалануға және оны қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған. Қазақстан – Орталық Азия елдерінің ядролық азат аумағының мүшесі. Елімізде бұл бағытта кешенді шаралар қолға алынды. 

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біздің еліміз бен атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасында Қазақстанда осы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі:

Іс шаралардың бәрі орындалды, МАГАТЭ арқасында тендер өткізіліп, 90 тонна уранды сатып алуда. Осы жылдың тамыз айында банкты іске қосу үшін соңғы тексеру өтеді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу