Алматы әуежайының бұрынғы басшысы Айбол Бекмұхамбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайының бұрынғы басшысы Айбол Бекмұхамбетовке қатысты қылмыстық іс қозғалды

25.04.2019

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Оған сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкiн иемденiп алды немесе талан-таражға салды деген айып тағылды.

Айбол Бекмұхамбетов Алматы халықаралық әуежайын 2009-2018 жылдары аралығында басқарып, былтыр өз еркімен қызметінен кеткен. Бірақ биыл 6 сәуірде күдікке ілініп, екі айға үйқамаққа алынған. Дегенмен, 15 сәуірде қамауға алу түріндегі үкімге келіспей, қалалық сотқа шағымданған. Енді оған қатысты бұлтартпау шарасы қамауға алудан кепілдікпен босатуға өзгертілді.

Абай Жарылқасын, қалалық сот баспасөз қызметінің бас маманы:

- Осы іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ҚР 189 бабының 4-бөлігінің 2-ші тармағына сәйкес жүргізіледі. Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының Айбол Бекмұхаметовке қатысты бұрын тағайындалған екі ай мерзіміндегі үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын кепілге өзгертті. Сот кепіл мөлшерін 3500 АЕК ретінде немесе осы сомаға пара-пар басқа да мүлікті анықтады.

Аманкелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу