Тау-кен саласындағы жетістіктер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тау-кен саласындағы жетістіктер

19.04.2019

Қазақстан ғалымдарының тау-кен саласында ашқан ғылыми жаңалықтары негізінде, әлемнің түкпір-түкпірінде бірнеше зауыт-фабрика жұмыс істеп келеді. Олардың жалпы сомасы 3,5 млрд доллардан асып кетеді. Бұл туралы «Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу ұлттық орталығының» бас директоры, баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ғылыми орталықтың ашылғанына биыл ширек ғасыр. Осы уақыт аралығында тау-кен, минералды шикізаттарды өңдеу бойынша бірқатар жетістікке жетті. 2014 жылдан бері бұл орталық, халықаралық «Джи Эл Пи» қағидаттарына сәйкестік сертификатын алды.

Әбдірасыл Жарменов, «ҚР минералды шикізаттарды кешенді өңдеу ұлттық орталығы» РМК бас директоры:

Алдыңғы технологиялармен жасап жатқан бағыттарымыз – қорғасынның технологиясы. Біздің технологиямызбен дүние жүзіндегі өндірілетін бірінші қорғасынның әр оныншы тоннасы біздің технологиямен өндіріліп жатыр. Алтын технологиясы бойынша біз көп елде алда тұрмыз. Біздің технологиямен Қазақстандағы шығарып жатқан әрбір үшінші тоннасы. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу