Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

01.07.2016
Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

Шарада Индустриаландыру бағдарламасының 2016 жылғы бірінші жартыжылдығы қорытындыланады. Оның аясында Президент жеңіл өнеркәсіп, машина құрау, тау-кен мен ағаш өңдеу саласындағы жалпы сомасы 175 млрд теңгенің 30-ға жуық жобасын іске қосады.

Бұл кәсіпорындар еңбек нарығында 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы оның 6 нысанымен тікелей байланысқа шығып, зауыттардың жұмыс істеу технологиясымен танысады.

Хабарламаларға жазылу