«Әлеуметтік қамқорлық». Алматыда көпбалалы отбасылардың алғашқы 140 адамы жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Әлеуметтік қамқорлық». Алматыда көпбалалы отбасылардың алғашқы 140 адамы жұмысқа орналасты

«Әлеуметтік қамқорлық». Алматыда көпбалалы отбасылардың алғашқы 140 адамы жұмысқа орналасты

Олар «Еңбекпен қамту орталығы» арқылы тұрақты жұмысқа орналасты. Аталған мекеме «Бақытты отбасы» жобасы аясында тағы да 500-ден астам әлеуметтік әлеуеті төмен азаматтың кәсіппен айналысуына жағдай жасамақшы.

Альбина Боранбаева - 5 қыздың анасы. Алматыда көптен бері жұмыссыз жүрген ол бір ай бұрын Жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш жазған. Мамандар оған 10 күннің ішінде жұмыс тауып берген.

Альбина Боранбаева, көпбалалы ана: 

- Әлеуметтік саладағы жеке кәсіпорынға қабылдандым. Түрлі маталардан ою-өрнектер қиып, тапсырыс орындаймын. Кішкентай екі қызым болғандықтан, үйден шыға алмаймын. Сондықтан тапсырыстарды үйге әкеліп тастайды. Бұл маған өте ыңғайлы.

Биыл орталыққа өтініш жазған Альбина сияқты көпбалалы отбасылардан 140-тан астам адам жұмысқа орналасқан. "Алдағы уақытта 700 адамға жұмыс тауып беру жоспарланып отыр", - дейді мамандар.

Гауһар Ауелова, Жұмыспен қамту орталығы уақытша жұмыс орындары бөлімінің басшысы:

- Мекемеге бірінші келген адам жеке төлқұжатымен ғана келеді. Жұмысқа жұмыссыз тұлға ретінде тіркеуге тұрады. Біз ол кісіге тұрақты жұмыс орынын іздейміз.

Бұл бағдарламаға әлеуметтік тұрғыдан әлеуеті төмен отбасыларда тәрбиеленген жастар да қатыса алады. Өйткені, биыл Жастар жылына орай, оларға 1200 жұмыс орны қарастырылды.

Аманкелді Сейтхан

Бөлісу