Мәселен, ұлттық бюро кез келген мекеменің осал тұсын анықтап, түзетуге кеңес береді. Олқылыққа қатысты уақытылы шешім қабылданбаса, сол мекеме мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ. Бұлдан бөлек, қарапайым тұрғындардың да санасын жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жолдары жетілдіріліп жатыр. Мамандардың айтуынша, кез келген тұрғын «бармақ басты, көз қыстылық» әрекетке кезіккенде бірден заң шеңберінде әрекет ететін орта құру аса маңызды.
Данияр Сабырбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры:
- Тұрғындар өз еріктерімен жемқорлық әрекеттері туралы ақпарат беретін жағдай жасау керек. Мәселен, заңсыз әрекетке куә болған адам тиісті органға хабарласса, пара болып берілгелі отырған соманың белгілі пайызы сол азаматқа сыйға берілуі керек. Осылайша біз жемқорлық деректерін бірнеше есеге азайта аламыз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ