Басты Жаңалықтар Еліміздегі ғылыми жобаларға сұраныс нарығын құру мәселесі талқыланды

Еліміздегі ғылыми жобаларға сұраныс нарығын құру мәселесі талқыланды

Бұл туралы бас қалада басталған инновациялар бойынша Орталық Азия форумында айтылды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан университеттері ғылыми институтарының ғалымдары осымен екінші жыл бас қосып отыр. Әрқайсының сан түрлі салаға пайдасы тиер жобасы бар.

Ғылыми инновациясын көпшілікке көрсету үшін келгендердің бірі – Кәмила Мағзиева. Оның жетекшілігімен Қазақстанда бақбақтың көксағыз деген түрінен табиғи каучук жасалып жатыр. Алматы облысында ғана өсетін өсімдік «Қызыл кітапқа» енген. Алайда, отандық ғалымдар оны баптап өсірудің технологиясын да патенттеп алыпты. Бұл бақпақтың тамырынан дәрі-дәрмектен бастап көлік шинасына қажет каучукты шығаруға болады.

Кәмила Мағзиева, Қазақстанда ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша ЕО консультациялық кеңесінің тәуелсіз сарапшысы:

- 12 жылдан бері осы жобаны Қазақстанда өндіреміз деп жүрміз. Бармаған жеріміз жоқ, баспаған тауымыз жоқ. Егер біз осыны игеретін болсақ, онда біз Қазақстанда тек қана дөңгелек үшін каучук қана емес, биопластик шығарамыз. Биопластикті жерге көмсең, жарты жылда жер тыңайтқышы болып шығады.

Альбина ӘШІМ

Бөлісу