Экспорт 3 миллиард  доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экспорт 3 миллиард  доллардан асты

03.04.2019

2018 жылы агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 3 млрд доллардан асты. Экспорт алдыңғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға көбейген. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті. Сыртқа саудаланған ауыл шаруашылығы өнімдерінің арасында өңделген тауарлардың үлесі 37%-ға жеткен.  Ал облыстар арасында Алматы, Қостанай және Нұр-сұлтан қаласы көш бастап тұр. Агроөнімдерді шетелге сату бойынша Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарының көрсеткіші – төмендеу.

Былтыр қазақ шаруалары әлемнің 11 еліне 33 мың тонна ет экспорттаған. Оның ішінде сиыр етінің үлесі 20 мың тоннаға жуықтаған.  Бұл нарықта Түркістан, Ақтөбе және Ақмола облыстары алда тұр. 

Тұрсын Қабдолданов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

Құс өнімдерімен Иран елінің нарығына шығып жатырмыз. Қытай елінің нарығына бал арасынан жасалатын өнімдер, балық өнімдерімен шықтық. Солардың реестріне кірген біздің кәсіпорындар бар.  Сауд Арабиясына сиыр, қой етінің экспортына қол жеткізіп отырмыз.

Хабарламаларға жазылу