Қызылордалық оқушылар зағиптарға арналған көзілдірік пен белбеу құрастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық оқушылар зағиптарға арналған көзілдірік пен белбеу құрастырды

01.04.2019

Қызылордалық оқушылар зағиптарға арналған көзілдірік пен белбеу құрастырды. Олар  ультрадыбысты  қондырғы  арқылы жұмыс істейді.  Арнайы бағдарламамен көзілдірікпен көру мүмкіндігін  1 метр 50 сантиметрге дейін ұзартуға болады.  Белбеу де солай. Оның сездіру, сигнал қабылдау қабілетін арттыруға мүмкіндік бар.    

Асылхан Қанибаев, жоба авторы:                 

Бұл құрылғылар адамның 100 пайыз көруіне әсер етпейді. Бірақ, еркін өмір сүруіне үлкен пайдасын тигізетін ғылымдағы өзгрістердің бірі деп есептейміз. Жолындағы кедергілерді бағдарлама арқылы сезеді. Біреуі вибрация арқылы, бірі кәдімгі сигнал арқылы сездіреді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу