Ақтөбеде синтетикалық есірткі дайындап сатқан тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде синтетикалық есірткі дайындап сатқан тұрғын ұсталды

27.01.2022

Ақтөбеде ұйымдастқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. 30 жастағы тұрғын есірткі жасап, оны өткізіп келген. Былтыр дәл осындай қылмыс жасағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында да бірнеше адам қамауға алынған еді.  

Қылмысқа қатысы барлар әр аймаққа жауапты болған. Яғни сол жерге есірткіні өткізіп, басқа да тапсырмаларды орындап отырған. Арнайы операция барысында ұйымдастырушысы мен тағы 6 адам ұсталған еді. Олардың бірі тіпті, Ресей мен Грузия аумағында жұмыс істеген. Ақтөбеде ұсталған күдіктінің де осы топқа қатысы бары белгілі болып отыр. Ол есірткіні үй жағдайында дайындап келген. Одан 5 пакетке салынған синтетикалық есірткі табылды. Сондай-ақ, қаланың әр аумағында арнайы белгіленіп қойған орындардан 55 түйіншек анықталды. Табылған зиянды заттардың жалпы салмағы 1 келі шамасында. 

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу