Әскерге шақыру науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерге шақыру науқаны басталды

06.09.2017

Қазақстанда 2 қыркүйектен бастап әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігі хабарлады. Биылғы науқанның басты ерекшелігі - әскерге шақыру мерзімі  бір айға ұзартылған.  Яғни, 30 желтоқсанға дейін еліміз бойынша 16 мың ер бала іріктеп алынады. Бұл медициналық және арнайы тексерулерге кететін уақытпен байланысты. Осылайша, 4 ай бойы  әр өңірдің халық санына сәйкес бөлінген квота бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар алынады.

Айта кету керек, әскерге шақыру жылына екі рет жүргізіледі. Заң бойынша әскерге барудан себепсіз бас тартқандар екі жыл бас бостандығынан айырылады немесе 2 миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу