Қарқаралы ауданының Мәди ауылдық округіне қарасты Айрық-Тәттімбет бағытындағы жолдың 10 метрдей жері бүлінген. Бірақ айтарлықтай қауіп жоқ.
Бұған қоса, республикалық Қарағанды-Аягөз-Бұғаз тасжолының 140-шы шақырымының 70 метр аумағын су басқан. Тереңдігі 10 сантиметрден аспайды.
Ал, кеше Жаңаарқа ауданына қарасты Жәйрем-Қаражал-Атасу республикалық маңыздағы күрежолды су шайғаны туралы хабар түсті. «Қазір бұл аумақтардың барлығы жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметінің жіті бақылауында. Жағдай қалыпты»,-дейді мамандар.
Мұрат Қатпанов, ТЖД басшысының орынбасары:
- Қазіргі кезде қатты қауіп төніп тұр деп біз ойламаймыз. Өйткені «Қазгидрометтен» күнделікті мәліметті алып отырамыз. Өзіміз де тікұшақпен жағдайды бақылаудамыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында жолдарды су шайып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/64447/)