СҚО-да республикалық маңыздағы жолды су шайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да республикалық маңыздағы жолды су шайды

06.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суы республикалық маңызы бар жолдарды шайып кетті.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі, Рузаевка ауылына жақын жердегі, Көкшетау-Рузаевка тас жолы мен «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 809-шы шақырымын су басқанын хабарлады. Тасық судың ұзындығы – шамамен 30-40 метр, биіктігі – 6 сантимерге дейін жетеді. Қазір су толған аумақтарға дабыл бағандары орнатылып, жол қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу