«Smart Qostanai» жобасы жүзеге аса бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Smart Qostanai» жобасы жүзеге аса бастады

18.03.2019

Қостанай қаласында  «Smart Qostanai» жобасы жүзеге аса бастады. Бүгінде оның қызметін  4 мыңдай адам  пайдаланып отыр. Олардың қатары күн өткен сайын өсу үстінде. Яғни, тұрғындар көптеген  мемлекеттік, медициналық, қызмет түрлерін осы мобильді қосымша арқылы пайдалана алады. Балабақша кезегіне тұру да электронды жүйеге ауысты.

«Азаматтарға қызмет көрсету түрлерін цифрландыру ең бастысы сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі», дейді мамандар.  Мұның сыртында қажетті мекемелерге барып, ұзақ-сонар кезек күтуден де құтқарады.  Соның арқасында азаматтардың жолақысы мен уақытын үнемдеуіне мүмкіндік туады. 

Виталий Пустовойтенко,  IT-сәулетші

Ұялы телефон арқылы автобус, такси ақысын да төлеуге болады. Барлық коммуналдық  қызмет ақысын өтеуге де мүмкіндік бар. Яғни, қолма-қол ақшаның ролі азаяды. Басқасын былай қойғанда, цифрлық жүйені пайдалану күнделікті тұрмысты жеңілдетеді. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу