Әлеуметтік қамқорлық шараларын түсіндіру тобының БҚО-ға жұмыс сапары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қамқорлық шараларын түсіндіру тобының БҚО-ға жұмыс сапары жалғасуда

14.03.2019

Әлеуметтік қамқорлық шараларын түсіндіру тобының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда. Вице-премьер бастаған Үкімет өкілдері жергілікті халықпен кездесіп халықтың табысын арттыруға бағытталған бастамаларды түсіндірді.

Атап айтқанда, жәрдемақы мен жалақының өсімі, тұрғын үймен қамту, өңірлерді дамыту аясында атқарылатын жұмыс барысын баяндады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының бөлімшесінде азаматтарды жекелеген мәселесі бойынша қабылдау өткізіп ол бойынша жергілікті жерде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Осыдан соң, өңірдегі мемлекеттік мекеме басшыларымен, кәсіпорын жетекшілерімен және кәсіподақ өкілдерімен кездесу өтті. Мұнда да халықтың тұрмысын түзеп, табысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттары талқыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Барлығының жұмыс істеуге ынталары бар. Оның ішінде бизнес ашуға, үйде отырып жұмыс істеуге көмектессеңіз деген сұрақтар қойылды. Осы мәселені шешуге уәде бердік. Қазір ірі өндіріс орындарымен кездесу болады. Сол кезде осы сұрақты қоямыз.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу