Алматы метросында жолақыны «Оңай» картасы арқылы төлеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы метросында жолақыны «Оңай» картасы арқылы төлеуге болады

13.03.2019

Метро бекеттерінде арнайы құрылғылар орнатылған. Бұл - «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорны мен «Алматы - адалдық алаңының» бірлескен жобасы.

«Жол асты жолымен күніне 6000-ға жуық адам қатынайды. Солардың ең кем дегенде 10 пайызы банк картасымен төлем жасайды деген жоспарымыз бар»,-дейді мекеме басшылығы. Тиімдісі, аталған төлем түрін таңдасаңыз, пойыздарға еш кедергісіз жетуіңізге мүмкіндік бар. Мәселен, бұрынғыдай турникеттің ашылғанын күтпейсіз. Алайда, жолаушы ештеңе төлеместен, үнсіз өтіп кетуіне де болады. Бұл енді әр адамның ар-ұяты мен адалдығына байланысты. Жобаның мақсаты да - осы.

Елнар Тоқтабайұлы, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы:

- Біздің бірінші қадамымыз - азаматтардың, халықтың санасын өзгерту.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу