Енді жолақыны банк карталарымен төлеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді жолақыны банк карталарымен төлеуге болады

09.10.2019
Енді жолақыны банк карталарымен төлеуге болады

Astana LRT қоғамдық көліктердегі жолақыны Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді. Бұл туралы компанияның Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

«Біз №20 қалалық бағдардағы қоғамдық көліктің жолақысын Visa банк карталары арқылы төлеу мүмкіндігін енгіздік. Бұл астаналық қоғамдық көліктің тұрақты пайдаланушылары үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан өңірлерінен және шет елдерден келген қонақтар үшін де қолайлы, өйткені көлік картасын сатып алу қажет болмайды, туристерге олар үшін әдеттегі халықаралық карталардың көмегімен төлеу мүмкіндігін береді. Жоба тестілік режимде іске қосылды. Банк картасымен төлеу кезіндегі сапардың құны қолма-қол ақшасыз төлеудің басқа тәсілдері кездегідей – 90 теңгені құрайды. Комиссия алынбайды. Алайда Visa картасын пайдаланушылар үшін акция басталды. Банк картасымен төлеген кезде бір сапардың құны небәрі 45 теңгені құрайтын болады», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу