«Жас Отан» жастар қанаты «JasUp University» жобасын қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Отан» жастар қанаты «JasUp University» жобасын қолға алды

11.03.2019

Бұл - студенттер мен жұмысты енді бастаған жас мамандар үшін таптырмас мүмкіндік. Жоба саясат, кәсіпкерлік, журналистика және менеджмент бойынша жүзеге асады. «JasUp University»-дің құрамына кіргендер осы саладағы білікті мамандардан білім алып, тәжірибе алмасады. Ол тренинг, семинар түрінде өтеді. Төрт бағыт бойынша 30 қатысушы қабылданды.

Қазір 120 қыз-жігіт оқуды бастады. Өткен жылы пилоттық жоба ретінде басталған шара өз нәтижесін берді. Оған 50 жас қатысыпты. Олардың жеткен жетістіктері де аз емес.

Бақдаулет Жанділдаев, Астана қалалық «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары:

- Ол жерде 2 бағыт бойынша білім берілді. Ол саясат және бизнес бағыты бойынша. Саясат бағыты бойынша білім алған жастар белгілі бір нәтижеге жетіп, жаңа жобалар жүргізуде. Ал, бизнес бағыты бойынша білім алған қатысушылар арасындағы 10 қатысушымыз өздерінің бизнестерін ашып, жаңа жұмыс орындарын құруда.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу